Викинг

lat: Vıkıng

көне скандинав. з а т е с і м. Тарихи. Еуропада VIII -ХІ ғасырлардағы скандинав жауынгері, әскери теңіз жорықтарына қатысушы ертедегі тұрғындар. Ежелгі Русьте в и к и н г т е р д і варягта деп атаса, Батыс Еуропада норманда деп атаған. В и к и н г т е р Лабрадордан Ньюфаундлендке дейін барып, Америка құрылығының көп жерін мекендейді (Т.Омаров, Күн. құбылыс.). В и к и н г т е р осы белгісіз жерге Винланд (жүзімді жер деп ат қояды. Әрине, олар Винланд Америка құрылығының бір бөлігі екенін білмеген (Т.Омаров, Күн. құбылыс.). Исландия аралына қоныстанған в и к и н г т е р Греландияға, Солтүстік Американың Винланд, Маркланд, Хеллуланд аталатын аудандарына қоныс тепті. В и к и н г т е р д і ң жаугершілік жорықтары XI ғасырда аяқталды (ҚҰЭ).