Винтовка

lat: Vıntovka

з а т е с і м. Ә с к е р и. Ұңғы арнасында винтті ойығы бар атыс қаруы. В и н т о в к а қарсыластың адам күшін 1000 м-ге дейінгі қашықтықта оғымен, ал қолмаол ұрыста сүңгімен және дүмбімен жоюға арналған. В и н т о в к а н ы ң негізгі бөлшектері: ұңғы, ұңғы қорабы, бекітпе механизм, құндақ, көздегіш тетік, қарауыл, оқ салатын қорап (магазин), сүңгі (Әскери термин.). Олар в и н т о в к а л а р ы н окоптың ернеуіне тіреп қойып, к деп алға атып жатыр (Б.Момышұлы, Москва.). Бектепберген енді нағыз в и н т о в к а н ы ң өзін жасап жатыр (М.Жұмағұлов, Қыран.). Қызыл ерлер тебірентті В и н т о в к а мен пушкіні. Өрт шығады лезде Біздің оттың ұшқыны (Қ.Жапсарбаев, Сөйле.)