Бір ойық оқпанды, дәрімен атылатын дербес қару. Жаудың жанды күшін 1000 м қашықтықтағымен, ал жекпе-жек ұрыста - найзамен және дүмбісімен жоюға арналған, винтовка оғының бастапқы жылдамдығы 700-900 м/сек, ұшу қашықтығы 2-4 км. винтовканың негізгі бөлшектері: оқпан, оқпанның қорабы, бекітілген механизм, құндақ, көздегіш тетік, қарауыл, оқ салатын қорап, найза. Қазіргі винтовканың калибрі 6,5—8 мм. Олар автоматты (өздігінен оқталып, өздігінен атылады) және автоматсыз болады. Автоматсыз винтовка минутына 10-12 оқ шығара алады. Ең көп тараған 5 және 10 оқтық өздігінен оқталатын винтовка-оның ату жылдамдығы минутына 25 оқ шығаруға дейін барады. Винтовканың оптикалық көздеу тетігімен (атыстың тию дәлдігін арттыру) жабдықталған түрін снайперлік винтовка деп атайды.