латын тілі. з а т е с і м. 1.Медициналық. Дәрумен (ағзаның бірқалыпты тіршілігі үшін аса қажет органикалық зат). Бірсыпыра ағаштар мен бұта тұқымдарының жемістерінде көптеген в и т а м и н д е р болады және дәрі жасау үшін пайдаланылады (М.Ерлепесов, Суарм. Егіншілік). Минералды тұздар мен в и т а м и н д е р г е бай көкөністер, жемістер, жидектер, оларды балаларға мүмкіндігінше шикі күйінде беру керек, ал олардың шырынын дайын тағамдарға қосып берген жөн (Семья тәрбиесі). В и т а м и н д е р д і ң негізгі көзі - өсімдіктер. Адам мен жануарлар в и т а м и н н і ң көпшілігін тамақтан алады. Кейбір витаминдер ішек микрофлорасында түзіледі (Қаз. тілі термин. Биология). 2. Фармацевтика. Дәрумендерден тұратын дәрі-дәрмек. Қазақстан да әлі толық пайдаланылмай жүрген эфир, май, тері илеуге керекті заттар, сабын, в и т а м и н д е р, дәрі-дәрмектер, алколоид т.б. алуға болатын көптеген пайдалы өсімдіктердің ұшы-қиыры жоқ тоғайлары бар (Қ.Сәтбаев, Қазақстан.).