Витамин жетіспеушілік

lat: Vıtamın jetispeýshilik.

м е д. Дәрумен жетіспеушілігі (ағзада дәрумендердің мүлдем жетіспеушілігінен болатын ауруларериери, пеллагра, қырққлақ және тб.) тобы. В и т а м и н ж е т і с п е у ш і л і к болғанда организмде зат алмасу процесі бұзылып, оның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды (ҚҰЭ). В и т а м и н ж е т і с п е у ш і л і к т е н аналық мал қысыр қалады, төл нашар өседі. Мысалы, В витамині жетіспеген жағдайда құс полиневритпен, шошқа пеллаграмен ауырады. Д витамині жетіспесе, төл қатпа болады, ірі мал сүйек ауруына шалдығады (ҚҰЭ). Егер адам үнемі витамині аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, организмге, негізінен, көмірсулар (қант және т.б.) ғана түсіп, белок пен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса, в и т а м и н ж е т і с п е у ш іл і к дамиды (Қаз. тілі термин. Биология).