латын тілі. з а т е с і м. 1. Бұрыштама (ресми адамның ісқағаз дарына қойған бұрыштамасы). 2. Д и а л. Басқа бір мемлекетке барып қайтуға, соның жері арқылы өтуге ресми рұқсат ретінде төлқұжатқа соғылған белгі, таңба. Елімізге ағылып жатқан шетел азаматтары көбіне қандай заң бұзушылыққа барады? Біріншіден, олар біздің елімізге келіп алғаннан кейін дер мезгілінде тіркеуге тұрмайды. Екіншіден, тіркелген жағдайда да оның уақыты аяқталғаннан соң тіркеу мерзімін ұзартпай-ақ республика аймағында жүре береді. Үшіншіден, шетел азаматтарының көбінің құжаттарындағы в и з а д а көрсетілген мақсаттарымен мұнда келген соң айналысып жатқан істері сәйкес келмейді («Егемен Қазақстан»). Шыңжаңдағы біздің консулдың в и з а с ы бойынша, ертең Жаркент жақ шегінен өз Отаныма шығуға тиістімін (С.Мұқанов, Алып. адым.). Анаш «шет елге алғашқы саяхатым атпен басталды» дегенде, біз де: «қызық екен деп елең ете қалып едік. Сөйтсек, төбет пен бурыл қүнан екен оған в и з а беріп, Қытайға шығарып салған («Лен. жас»). Көшейін десе, үйлерін саттырмайды, қызметтен шеттетеді, ана тілінде білім алу түгелдей тоқталған, жалақылары төмен, в и з а алуға шамалары жетпейді («Қаз. әдеб.»). Қазақ куәлігі бар заттарға в и з а алуда, Ықтиярхатпен жүргендерге шекарадан өтуде біраз жеңілдіктер жасалды. Қазақ диаспорасы құрылтайда ғана керек пе? («Қаз. әдеб.»).