ВЕНГЕР ТІЛІ

lat: VENGER TİLİ

фин-угор тілдерінің угор тармағына кіретін тіл. Венгер тілінде Венгрия, Югославия, Австрия, Чехия, Словакия, Румыния елдері сөйлейді. Венгрия Республикасының ресми тілі. Венгер тілінің 8 диалектісі бар. Венгер тілі агглютинативті тілдерге жатады. Грамматикалық құрылымында род категориясы жоқ. 20-дай септігі бар, етістіктің 3 жақ, 3 рай түрі бар. Сөзжасамында суффиксация мен сөз тіркесі кең пайдалынылады. Венгер әдеби тілі ХҮІ ғ. бастап қалыптасқан. Жазуы латын графикасында.