ВОЛЯПЮК

lat: VOLÁPÚK

1879 жылы Йоганн Мартин Шлейер (Германия) жасаған халықаралық жасанды тілдердің бірі. Бұл - лексикалық қорында формасы өте қатты өзгеріске түскен табиғи тілдің сөздері (ағылшын, неміс, француз, латын және т.б.) бар априорноапостериорлық аралас типке жататын тіл. Емлесінде фонетикалық қағидат басым. Воляпюк 1879-1889 жылдар аралығында өзінің қолданылу шыңына жетті де, одан соң барынша жетілген жасанды тіл эсперантоның пайда болуына байланысты құлдырауы басталды.