Вагон

lat: Vagon

ранцуз тілі. wagon] з а т е с і м. к ө л і к. Жолаушыларды немесе әртүрлі жүктерді тасу үшін рельсті жолмен қозғалатын доңғалақты, көліктің құрамдас бөлігі. Жолаушылар таситын в а г о н д а р д ы ң барлығы және жүк таситын в а г о н д а р д ы ң біразы автоматты тежеуішпен қатар қолтежеуішімен де жабдықталған. ...В а г о н н ы ң доңғалақтары, Әніне басты жаттанды. Жат елдің жанған оттары Қалжырап артта қап қалды (М.Мақатаев, Шығ.). Өйткені в а г о н д а р мен паровоздардың өз салмағын кеміту нәтижесінде тасылатын жүктің салмағын арттыруға мүмкіндік туады. Кетпейді қара в а г о н әлі есімнен, Жалтырап шыққан күннің сәулесінен. Бұлдырап көз ұшынан ғайып болды, Айнымай қасіреттің күймесінен (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ).