[француз тілі. wagonnet] з а т е с і м. Вагонша. Шахтаны бойлай салынған жіңішке теміржолдармен кен тасыған электр в а г о н е т к а л а р ы зырылдап ерсіл-қарсыл өткенде Алтынсары ығысып жол береді де, тағы да ілгері жүреді. Шахтада, карьерде, құрылыс алаңында, зауыт ішінде көлік ретінде жақын арақашықтыққа (0,5-2 км) әртүрлі жүктер мен адамдарды (6-18 адам) тасуға арналған сыйымдылығы шағын (0,35-9,5 м3) в а г о н е т к а л а р қолданылады. Көптеген в а г о н е т к а л а р д ы ң жүк көтергіштігі 1-2 т, кей жағдайда 8-10 т-ға дейін жетеді. Артық сөз, артық тыныс та жоқ. Әрегіректе, в а г о н е т к а ғ а қазылған кенді түсіріп беріп жатқан, бір басы лебедкаға, бір басы скреперге бекітілген қанат бойындағы алмас тісті ашалы күректің ерсілі-қарсылы тасыр-тұсыр жүрген даусы шалынады. Рельс, шеге, қаусырмаларды осы в а г о н е т к а л а р дем-демдеп жеткізіп тұр.