Вакуум-шөміш

lat: Vakým-shómish

з а т е с і м. кен ісі.  Астаулардан металлургиялық балқымаларды алуға арналған құю шөміші. В а к у у м-ш ө м і ш қақпақпен тығыз жабылады; қақпаққа өткізілген құбырдың бір ұшы балқыған металға батырылған (Қаз. тілі термин. Кен.). В а к у у м- ш ө м і ш т е ауа сорғымен сиретілгеннен кейін металл құбыр бойымен шөміштің ішіне сорылады. В а к у у м-ш ө м і ш мысалы, алюминийді, магнийді электролиздегенде көп қолданылады (Қаз. тілі термин. Кен.).