Вакуумдық

lat: Vakýmdyq

с ы н е с і м. Вакуумға тән, вакуумға қатысты. Термикалық өңдеудің нәтижесінде сан мыңдаған тонна металл ысырап болып кемиді. В а к у у м д ы қ және электрлік қолданып қорытудың келешегі зор. Фотокедергінің в а к у у м д ы қ фотоэлементтерден артықшылығы - оның полюссіздігі, кішкенелігі, сенімді әсер етуі және ұзақ мерзімге төзімділігі. 1980 жылы дүниежүзі бойынша цеолиттің 1500 салада пайдаланылатыны тіркелген. Яғни өндірісте: қағаз дайындау, желім бұйымдарын толтыру, азық-түлік өнімдерін в а к у у м д ы қ кептіру, ауадан азот пен оттегін бөлу, газды дендете құрғату («Жас Алаш»).