Вакуумды алу, сақтау және оны өлшеу үшін қолданылатын әдістер мен құрал-жабдықтар жиынтығы. В а к у у м д ы қ т е х н и к а д а қолданылатын құралдар мен құрылғыларға: вакуумдық сорғылар, вакуумдық арматуралар (мыс клапандар, шүрпілер, саңылау іздегіштер т.б.), қысымды өлшейтін жабдықтар (мыс, вакууметрлер), ағын іздегіштер жатады (ҚҰЭ). В а к у у м д ы қ т е х н и к а н ы ң электроникада, ядролық энергетикада, үдеткіштер техникасында, химия, фармацевтика және тамақ өнеркәсіптерінің технологиялық процесстерінде, металлургияда өте таза материалдар алу техникасында т.б. ғылым мен өндіріс салаларында қолданылу аясы кеңейіп келеді.