з а т е с і м. Биологиялық. Өсімдік клеткасына тән протоплазмадағы клетка сөліне толы қуыс, жетілген клеткаларда айқындалған, жас, жаңа клеткаларда әлі айқындала қоймаган құрылым. В а к у о л ь тоноплас деп аталатын мембранамен шектелген. Ол заттарды белсенді, сұрыптай өткізгіш қабілетке ие. Клеткадағы в а к у о л ь д ы ң айналасын қоршап жатқан протоплазманың қабаты тонопласт делінеді. Мұның қасиеттері де плазмолемманікі тәрізді болады (Т.Мұсақұлов, Ботаника).