з а т е с і м. қ а р ж ы . 1. Тауарлар құнының шамасын өлшеу үшін пайдаланылатын ақша өлшемі. Осы ғасырдың басында жалпыға бірдей балама ретінде алтын, күмі сжәне оның қоспалары қолданылса, қазіргі кезде в а л ю т а ретінде қағаз ақша қолданылып жүр («Егемен Қазақстан"). В а л ю т а қолдану тәртібіне байланысты еркін айырбасталатын және айырбасталмайтын, тұйық валюталар болып бөлінеді (Нарық. экономикалық. сөздігі). 2. Белгілі бір мемлекетте қабылданған ақша өлшемі (теңге, сом, доллар, рупий т.б.). ұлттық в а л ю т а м ы з д ы ң өз дизайні, өз идеясы болуы керектігін сөз етті («Егемен Қазақстан»). 3. Шет мемлекеттердің ақша белгісі, сонымен қатар несие беру, өтеу құжаттарының (вексель, чек, банкнот) мемлекетаралық есебін ажыратуға қолданатын шетелдік валюта, ұлттық есеп бөлшегі және төлем құралы.