Валюта бағамы [курсы]

lat: Valúta baǵamy [kýrsy]

э к о н о м и к а л ы қ. Белгілі бір елдің ақша бірлігінің басқа бір ел ақша бірлігімен белгіленген құны. Бұл құжатта жаңа валютаның енгізілу мерзімі, тәсілі, жаңа валютаны айырбастау пункттеріне жеткізу мәселелері, қолма-қол ақшаны айырбастау коэффициенті мен лимиттері, в а л ю т а б а ғ а м ы н қалыптастыру және басқа маңызды мәселелер айқындалды («Егемен Қазақстан»). В а л ю т а б а ғ а м ы н ы ң негізіне сол елдердегі ақша өлшеміне енген нақты алтынның мөлшері жатадыаз. тілі. термин. Экономика.). В а л ю т а к у р с ы н а ықпал ететін негізгі факторлар қатарына елдің төлем балансының жай-күйі, инфляция деңгейі, қысқа мерзімді капиталдардың елдер арасындағы ауыс-түйісі, сондай-ақ, саяси дағдарыс пен әскери қақтығыстар (соғыс) жатады (ҚҰЭ). Валюталық нарықта в а л ю т а л ы қ к у р с т а р д ы ң айырмасы есебінен пайда табу мақсатымен қаржыларын бір валютадан басқа валютаға аударып отыратын транс ұлттық компаниялар маңызды рөл атқарады (Б.Жүнісов, Нарық. экон. негіз.).