Валокордин

lat: Valokordın

з а т е с і м. фармацевтика. Жүрек тез соғып, шаншып ауырғанда ішетін дәрі. Стенокардиямен ауырған адамдарда миокард инфарктісін болдырмаудың амалы, жүрек тұсының шаншуы біліне бастағанда нитроглицерин, валидол, в а л о к о р д и н сияқты дәрілерді қантқа тамызып (1-3, 3-5 тамшылардан), тілдің астына салып сору керек (М.Қайрақбаев, Ескерм. ауру.). Сенбеймін «в а л о к о р д и н», «анетинге», Тағдырым төндірмегей қара түнге. Соға тұр, сорлы жүрек, анықтайын, Соңымда белгім болып қалатын не?! (М.Әлімбаев, Жүрек.).