Ваниль қосылған кекс

lat: Vanıl qosylǵan keks

жұмсартылған майға қант, вапиль қанты қосылып, ағарғанша бұлғанады, үздіксіз араластырыла тұрып, бір- бірден сегіз жұмыртқаның сары уызы құйылады да, аз аздап ұн себеді. Иленген қамыр 30-40 минут салқындатылады Қамыр салқындап қоюланған жуылған ұсақ мейіз бен 8 жұмыртқаның ақ уызы қосылады. Абайлап араластырылған қамыр майланып, ұн себілген формаға аударылады түбіне майланған қағаз төселеді. Қамырдың таба биіктігінің бөлігіндей болуы керек, себебі қамыр көтеріледі. Кекс 200-220° С температурада 50-60 минуттай піседі. Кекстің піскен-піспегенін сіріңкемен білуге болады.