з а т е с і м. 1. Ішіне жылы су толтырып, жуынып-шайыну үшін пайдаланылатын үлкен астау тәрізді эмальды металл ыдыс. Сыртқы терідегі микробтарды жою үшін моншаға, в а н н а ғ а, душқа түсіп, денені таза ұстаудың маңызы зор-ақ (М.Қайрақбаев, Ескерм. ауру.). Сабындап Сабындап, Шомылдық в а н н а ғ а. «Көп жылғы Кіріңнен Ештеме қалмады, ә? (Қ.Ыдырысов, Аршында.).
2. Ауруларды емдеу үшін дәрігерлер қолданатын әртүрлі шипалы булау. Күн в а н н а с ы н, Тау ауасын осында курортшылар қабылдайды мәз бола (Ә. Ахметов, Өшп. жалын). Соңғы уақытта емдеу мекемелерінде жасанды оттегі в а н н а л ар ы кеңінен өріс алды (С.Сұбханбердин, Дәрі-дауа). Халықтық медицинада айлан шөптің сулы тұнбасын ішеді, жараға жағатын май дайындайды, в а н н а жасайды (М.Қажымұратов, Пайдалы өсімдік.). Күкіртті сутегінің родондық в а н н а с ы н қабылдаумен де және шипалы лаймен де емдейді (Н.Әжіғалиев, Мал ауру.).
3. т е х н и к а л ы қ. Әртүрлі сұйық заттар (ерітінділер) құйылатын ыдыс пен құрамында осындай ыдысы бар балқыған сұйық зат жиналатын ойпаң (шұңқыр).