з а т е с і м. 1. Нұсқа. Электрондық есептегіш мәшине мейлінше аз уақыттың ішінде шифрдағы таңбалардың алмастыруының, миллиондаған в а р и а н т ы н сұрыптайды (О.Жәутіков, Жаратылыстану.). Жаһандаудың «бейбіт» в а р и а н т ы экономикалық, техникалық жағынан артта қалған әлсіз елдерді терең ойластырылған арамза әдіспен рухани құлдыққа түсіруді көздейтіні жасырын емес («Қаз. әдеб».). 2. Ө н е р. Нұсқа (әдеби, музыкалық және т.б. шығарманың негізгі мәтіннен айырмашылығы бар басқа бір түрі немесе оның бөлігі). Мұхтар бәрімізден бұрын бітірді. Бұрынғы соңғысына қай жағынан салыстырып қараса да мен «Айман-Шолпанның» сол ең алғашқы в а р и а н т ы н артық көремін (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.). «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» в а р и а н т т ар ы м е н таныс адамға, ең көркемі де, толығы да осы в а р и а н т (Қ.Жұмалиев, Қаз. эпосы.). Сөйтіп, «Біржансараның» 1958 жылғы клавир түрінде басылып шыққаны және оның сол жылғы Москва онкүндігінде орындалған партитурасы ең соңғы шыңдалған, жетістірілген в а р и а н т ы болды (А.Жұбанов, Мұқан Төлебаев). 3. с п о р т. Шахмат пен дойбыда нақты жағдайдағы жүріс комбинациясы мүмкіндіктерінің бірі.