з а т е с і м. 1. Бір нәрсенің негізі сақталып, екінші кезектегі элементтерінің өзгеруі. 2. м а т е м а т и к а л ы қ. Өзгергіштік сызығындағы кездесу жиілігін көрсететін ең жоғарғы нүкте. Жеке варианттардың жиілігін және в а р а ц и я л а р көлемін көрсететін белгі - өзгергіштіктің қисық в а р и а ц и я л ы қ қисық сызық делінеді (Жалпы биология). 3. музыкалық. Музыкалық тақырыптың құбылып қайталануы, бір сарынның, әуеннің бірден-бірге өзгеруі. В а р и а ц и я өз алдына музыкалық шығарма да болады (К.Қуатбаев, Қысқ. муз. сөздік). Әсіресе Лукашованы ерекше атау керек. Ол өзінің жеткізе шыңдалған техникасымен, қуанышты биімен, тіпті қиын в а р и а ц и я л а р д ы ң өзінде көңілді күлкіден арылмайтындығымен ерекшеленеді («Лен. жас»). 4. Ө н е р. Техникалық жағынан күрделі, шағын, бір немесе бірнеше орындаушыға арналған классикалық балет биінің түрі.
5. л и н г в и с т и к а л ы қ. Айтылым кезінде сөздердің дыбыстық өзгеріс нәтижесінде сол тілдің дыбыс қорында жоқ басқа бір дыбысқа ұқсап айтылуы. В а р и а ц и я л ы қ - фонема реализациясының парадигмалық осьте жоқ басқа бір дыбыс түрленіміне айналуы (Қ.Күдеринова, Қазақ жазуы.).