Вексель

lat: Veksel

з а т е с і м. қ а р ж ы. халықаралық саудадағы төлем міндеттемесінің кең тараған формасы; заң бойынша белгіленген үлгіде толтырылған құжат. В е к с е л ь иесі (кредитор, қарыз беруші) берген ақшасын заңды түрде мерзімді уақытта қайтарып алуға құқығы бар. В е к с е л ь д і ң жай және аударма түрлері бар. В е к с е л ь несие ақшаның бір түрі. Кәсіпкерлер қолдарында бар в е к с е л ь д е р і н олардың төлеу мерзімі өткенге дейін жиі-жиі қолма-қол ақшаға айналдыруға мәжбүр, ал ол, банктермен вексельдік операциялар арқылы жүзеге асырылады (Б.Жүнісов,.. Нарық. экон. негіз.). Заң шығару процесінде экономикалық қарымқатынас саласы аса жауапты бағыт еді. «Валюталық реттеу туралы», «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы», «Бағалы қағаздар рыноғы туралы», «В е к с е л ь айналымы туралы» және басқа да заңдар жарық көрді («Егемен Қазақстан»).