з а т е с і м. м а т е м а т и к а л ы қ. Сан жағынан ғана емес, амалының бағыты жөнінен де сипатталатын математикалық шама; бағытталған түзу кесінді. ОА в е к т ор ы н ы ң ұзындығы 10 см және ОХ осіне 38 градус бұрыш жасай бағытталған (Тригонометрия). Жарық толқыны өрісінің в е к т о р л а р ы үздіксіз өзгеріп, яғни ұдайы тербеліп тұрады (П.Полатбеков, Оптика). Мұнда матемактика қамтитын кеңістік пішіндері мен сандық қатынастар мейлінше кеңейеді, бұл тұста сандар ғана емес, в е к т о р, тензор, спинор тәрізді және басқа тектес шамалар қарастырыла бастайды (А.Көбесов, Математика.). Екі вектордың қосындысын үшінші в е к т о р ғ а векторлық көбейту үшін оған әрбір көбейткішті жеке-жеке векторлық көбейтіп, нәтижелерін қосу керек (О.Әмірбаев, Аналит. геом.).