Вена

lat: Vena

з а т е с і м. медициналық. Көктамыр. Қан тамырлары екі түрлі болады: жүректен шығып, организмнің әр мүшесіне қарай қан жүргізетін тамырларды артерия дейді, ал дене мүшелерінен жүрекке қарай қанды алып келетін тамырларды көк тамыр - в е н деп атайды (М.Қайрақбаев, Ескерм. ауру.). Бұлқан жүретін жолды қан тамырлар деп атаймыз. Қан тамырлары қызыл тамыр және көк тамыр в е н а болып екі салаға бөлінеді (Б.Омарұлы, Жүрек. ауру.). Гипертонияның ұстамасы кезінде оның (дибазолдың) бір процентті ерітіндісін в е н а ғ а күніне бір-екі миллиграмнан 3-4 рет егеді (С.Сұбханбердин, Дәрі-дауа). Көпіршіктер аралығындағы қылтамырлармен ағатын в е н а қаны мен көпіршіктер альвеолоциттері арқылы оның қуысындағы ауа арасындағы газ алмасу процесі жүреді (Биология).