Логикалық позиитвизмнің идеялық және ұйымдық ұйытқысы болған бірлестік. Вена үйірмесіндегі индукциялық ғалымдар философиясы кафедрасының жанынан 1922 жылы Шлик ұйымдастырған семинардың негізінде өсіп шықты. Вена үйірмесі: Карнап (1926ж. бастап), Ф. Вайсман, Г. Файгль, О.Нейрат, Г.Ган, В.Крафт, Ф.Кауфан, Гедель және басқалар, кейін Франк, Э.Кайла, А.Бламберг, И.Иергенсон, Айер т.б. енді. Вена үйірмесі махизм идеяларының тікелей мұрагері болды. Оған қатысушылар Витгенштейннің де бірқатар идеяларын – білімге логикалық талдау жасау концепциясын, логика мен математиканың талдампаздық сипаты туралы ілімді, дәстүрлі философия «метафизиканың» ғылыми мағынасынан айырылған деп сынауды қабылдады.Махистік түсініктегі позитивизмнің білімге логикалық талдау жасау идеялары мен синтезін жүзеге асыра келіп, Вена үйірмесіне қатысушылар логикалық позитивизмнің негізгі қағидаларын мейлінше толық, айқын формада тұжырымдады. 1929 жылы Карнап, Ган және Нейрат "Ғылыми дүниетаным.Вена үйірмесі" деген манифест жариялады. Осы кезде Веналық үйірме ұйымдық жағынан бірдола қалыптасып, непозитивизтік басқа да топтармен халықаралық байланыстар (Веналық үйірменің Берлиндегі Рейхенбах- Вена, Дуислав тобымен жасасқан шарттарын қоспағанда) орнатты (Неопозитвизм). 1930 жылдан бастап Веналық үйірме Рейхенбах тобымен бірлесіп "Erkenninis" ("Таным").журналын шығарды. 30 жылдары Вена үйірмесіне қатысушылар логикалық идеализм идеяларын белсенді түрде талдап жасады. 30-жылдың аяғында Веналық үйірме өзінің өмір сүруін тоқтатады. Вена үйірменің тікелей мұрагері логикалық эипиризм (Карнап, Фейгль т.б.) болды.