з а т е с і м. Ауыз үй (үй қабырғасына жапсыра салынған жан-жағы ашық немесе терезеленген жай). Екеуміз жалғыз терезесі жабық в е р а н д а ғ а шығатын аса қараңғы бөлмеде төрт-бес ай тұрдық (Ғ.Мүсірепов, Белдерде). Бақташының ішіндегі Виляның пәтерінің есігінің алдында автомобиль тоқтай қалғанда, Виля есік алдында в е р а н д а д а отыр екен (С.Сейфуллин, Шығ.). Үйдің алдындағы в е р а н д а ғ а алаша төсеп, жүгерінің собықтарын үйіп тастаған (С.Сарғасқаев, Көңілді бала.).