Верстка

lat: Verstka

з а т е с і м. полиграфиялық. Беттеу (баспа жұмысындағы терілген сөздерді полиграфияға сай беттеу, бет-бетке дұрыстап орналастыру процесі). Үстіңгі жәшікте баспаханадан жаңадан келген в е р с т к а л а р жатыр (Т.Әлімқұлов, Ақбоз ат). Сен бір он минутке рүқсат бер. Барып Соняға айтайық дедім. - Жарайды деді ол. - Бүгін в е р с т к а ғой («Қаз. әдеб.»). Александр Петрович Ереминнің үйінде мақала қорытып, теріліп шыққан газеттің в е р с т к а с ы н оқиды, қатесін түзейді (З.Шашкин, Тоқаш Бокин).