латын тілінен. с ы н е с і м. м а т е м а т и к а л ы қ. Тік, тік сызықты, тік бағытты. Ұшына тас байланып керулі-керулі тұрған жіптің бағытын в е р т и к а л ь бағыт, не тік сызық бағыты дейді (Х.Әбішұлы, Халық астрон.). Ұзындығы екі метр в е р т и к а л ь орнатылған рейк деп аталатын, бойында бөліктері бар линейкалардың бөліктерін салыстыру арқылы ойқырды анықтауға болады (Х.Әбішұлы, Халық астрон.). Егер бір бұрыштың қабырғалары екінші бұрыштың қабырғаларының созындылары болып келсе, ондай екі бұрыш в е р т и к а л ь бұрыштар деп аталады (Геометрия). Бұл проблемалардың ең бастылары - Жердің тектоникалық активтігінің себептері, в е р т и к а л ь және горизонтал тектоникалық қозғалыстардың өзара сандық қатынасы, Жердің сейсмикалық өрісі мен магниттік, электрлік, жылулық өрістерінің арасындағы байланыстың сипаты (К.Сапарбайұлы, Геология.).