лат. вестибулум деген сөзі, қаз. кіреберіс деген мағынада. Статикалық түйсіктердің рецепторлары ішкі құлақтағы вестибулярлық аппаратта орналасқан. Кіреберіс аппараты – ішкі құлақта орналасқан, адамның кеңістікте қандай күйде екенін, тепе-теңдікті сақтайтын, яғни денені, бастың түрлі жағдайдағы – шалқайған, еңкейген және айналған кезін сездіретін ағза.