ВЕТО

lat: Veto

[лат. veto тыйым саламын] 1) Ежелгі Римнің халық трибуналары Сенат шешіміне қарсы наразылық сөзі; 2) қазіргі мағынасында бұл парламент қабылдаған заң жобасына мемлекет басының (монархтың немесе президенттің) қол қоюдан бас тартып, айналымға енгізілмеуін білдіретін ұғым. Абсолютті және кейінге қалдырып кідіртушілік түрлері анықталған. Абсолютті вето заң жобасын үзілді-кесілді біржола кері қайтару; кідіртушілік түрі парламенттің заң жобасын қайта қарап, өндегеннен кейін немесе өңдемей мемлекет тарапынан көрсетілетін қарсылыққа қарамай бекітуі. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері вето құқына ие.