Вокзал

lat: Vokzal

ағылшын тілі. з а т е с і м. Жолаушыларга қызмет и көрсететін және теміржол, автобус, су көлігімен тасымалдау қызметтері орналасқан ғимарат немесе ғимараттар кешені. В о к з а л мен вокзал арасын Жүрдің сен күнде жол қылып Мен келіп қалар ма еке деп (М.Шаханов, Ғасырлар.). В о к з а л д ы ң бір үй жалдап нақ қасынан, Күзетті стансаның қақпасынан, Есігін сан пойыздың көзбен тінтіп, Сұрады ор жүкшіден қап тасыған (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ). Талайталай в о к з а л д а н күтіп алып, Қол да соқты қолпаштап бүкіл халық. Бұрын терім бір түрлі қалың еді, Бүгін болмас норсеге шытынадық (Т.Молдағалиев, Шақырады көктем). Таңғажайып егін шыққан ағашында Айнала он шақырым шамасында, Қиықтап қарағайдан в о к з а л салған Бақшасы қалың орман арасындаердері Әбубәкір, Қазағым).