Вокзал алаңы

lat: Vokzal alańy

Вокзал орналасқан жер, вокзал шегарасы.

Вокзалалаңы жүк көтерген, жүгірген, айқайласқан адамдарға толы («Жас Алаш»).

Ал студенттер, нағыз жер көруге шыққан саяхатшылар тәрізді, кигендері тылтиған джинс шалбарлары, арқаларында рюкзактары, колдарында үнемі өздерінің серігі - гитаралары, бүкіл

вокзал алаңын жайлап алған (І.Есенберлин, Шығ.).

Түнімен қарауытқан қабат-қабат үйлер вокзал алаңын тарылтып қоршап тұр (К.Исабаев, Соңғы.).