Волейбол

lat: Voleıbol

з а т е с і м.с п о р т. Қолдоп (допты қарсыластар жағына керме тордан асыра ұрып, жерге түсіру үшін бәсекелесетін командалық спорт ойыны). Футболдан Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының командасы жақсы дайындықпен келсе, Алматы облыстық сотының командасы в о л е й б о л д а н үздік ойын үлгісін көрсетуде («Заң газеті»), ұлттық құраманың негізін қалайтын «Рахат» в о л е й б о л командасының басшылары өз спортшыларын гүл шоқтарымен қарсы алды («Айқын»). Олар нысана көздеуден озық көрінеді, ал баскетболдан әйелдер арасында жеңіл атлетикадан және отбасылық мәрелерде - күміс жүлдегер, в о л е й б о л д а н ерлер арасында, президенттік тест тапсыруда, қол күрестіруде және веложарыста қола жүлдегер атанды.