Волейболшы

lat: Voleıbolshy

з а т е с і м.с п о р т. Қ о л д о п ш ы. Спорттың волейбол түрімен айналысушы; қолдоп ойынына қатынасушы. Ертеңінде, яғни дүйсенбі күні «Рахат Палас» қонақ үйінде в о л е й б о л ш ы қыздардың жетістіктеріне орай Бұқаралық ақпарат құралы қызметкерлеріне арналған баспасөз жиыны өтті («Айқын»). Есілдіктер биыл 25 ұпаймен тағы да бірінші орынға көтерілгенімен, олардан бес-ақ ұпай кем түскен шалғайдағы Тимирязев ауданының в о л е й б о л ш ы л а р ы жеңімпаздарға айқын қарсылық білдірді.