Взвод

lat: Vzvod

з а т е с і м. Ә с к е р и. 1. Ротаның, эскадронның немесе батареяның негізгі құрамындағы әскері, тактикалық бөлімше. Әдетте в з в о д 2-4 бөлімшеден (есептоптан, экипаждан) тұрадыаз. Тілі термин. Әскери.). Мұрат жұрттың алды орманға кіргенде батальонын іркіп, кейінде қалған в з в о д т ы тосты (Т.Ахтанов, Қаһарлы күн.). Қызыл ракетадан соң-ақ «атыңдардеген бірінші в з в о д командирі Шабановтың даусы шықты (К.Оразалин, Жексен). Ферманы көшіретін күні отрядтан бір в з в о д т ы алып, ферманы, ондағы жасөспірім бақташыларды «партизан өлкесіне» көшіріп алып келген еді (Қ.Қайсенов, Жау тылы.).