ЫНТА

lat: YNTA

Адамның белгілі бір іске ықыластана кірісіп, нәтижелі орындауға тырысуы. Ынта іске қызығушылықтың негізгі ұйытқысы. Бұл туа біткен ерекшелік қасиет емес. Ол жақсы тәрбиенің, адамның өзіндік санасының ықпалынан қалыптасатын қасиет. Қажеттілік адам бойында қоғамның, қоршаған ортаның ықпалынан пайда болады. Адамның жұмысқа ынталылығы қалыптасқан әдетке байланысты.

Ынта іс-әрекет кезінде қалыптасады. Оның ойынға, оқуға, еңбекке байланысты түрлері бар. Ынта істі ойдағыдай орындаудың шарты. Сондықтан баланы кішкентай кезден бастап пайдалы іске қасиетті тәрбиелеу мектептің, отбасының ең басты міндеті.