ЫҚТИМАЛ

lat: YQTIMAL

(ар. ихтимал احتمال)   

1. Мүмкін, бәлкім.

Ықтимал мұнда қазына бар шығар”, деп, Ғарібің аударуға жанталасты («Қисса үш қыз». Бабалар сөзі. 5-том. 2004. 100 томдық).

Дұшпан көп аңдып жүрген түсіп ізге, Ықтимал қата болу көрер көзге («Қыз Жібек» (Қаршыға нұсқасы). Бабалар сөзі. 53-том. 2009. 100 томдық).

2. Төзімділік, мықтылық, бекемдік.

Ғашықтық талабында ықтимал қып, Шүбһәдан Хаққа шүкір болдым азат («Қисса Ләйлі Мәжнүн». Бабалар сөзі. 19-том. 2005. 100 томдық).