ЫҚЫЛАС

lat: YQYLAS

ниет, пейіл. Қазақ тілінде «зерде, ынта» деген ауыспалы мағынада да қолданылады. Қазақ фольклорлық жырларында «ақниет, шынайы пейіл» дегенді білдіретін «ықылас көңіл», «назар аударарлық мәселе» ұғымындағы «ықылас мәселе» тіркестері кездеседі.