ЫСҚАТ

lat: YSQAT

(ар. исқат اسقاط) шариғат бойынша өлген адамның күнәсін сатып алу үшін берілетін төлем.

Әдейі ысқат садақа, Қабірге дат сарп қылған («Мәшһүр-Жүсіптің Мұса Шормановты оның келіні атынан жоқтауы». М. Жүсіп, ІІ-том, 2003).

Ысқатқа сендей малды байлағаны, Малы жоқ, қара қасқа кедей ме еді?! («Мәшһүр-Жүсіп пен Шабдар атпен айтысы». М.Жүсіп, І-том, 2003).

«Әйтеуір өлген кісі мінбейді! деп, Жіберді ысқатына мені байлап («Мәшһүр-Жүсіп пен Шабдар атпен айтысы». М.Жүсіп, І-том, 2003).