Ылғалдану, дымқылдану, сулану, дымдану, дымығу, дымқостану

lat: Ylǵaldaný, dymqyldaný, sýlaný, dymdaný, dymyǵý, dymqostaný.

Ылғал тарту, дымқыл болу.

Жер беті ылғалдана қоңырқай тартып жатыр (М. Әбдіхалықов).

Топырақтың ұзақ уақыт бойына шамадан тыс дымқылдануы оның сілтілігін арттырды («Жетісу»).

Жаңбыр жауғанда, қала бақтарының сулануына мүмкіндік туады («Лен. жас»).

Топырақтың дымдануы 30-40 сантиметрден ары емес (М. Әуезов).

Кішкене үйінің дымыққан күлімсілеу исі мұрнына жып-жылы тиеді (Ж. Аймауытов).

Бұл маңайдың егіні суарылатындықтан, жерінің беті дымқостанып жатады (С. Мұқанов).