Ырғыз жиналысы

lat: Yrǵyz jınalysy

1918 ж. 28 желтоқсанында Торғай обл. Ырғыз уезді қазақтарының басқосуы. Жиналыстың күн тәртібіндегі ең басты мәселе Алаш автономиясын қолдау. Алдымен жиналыста Екінші жалпықазақ съезінде жарияланған Алаш автономиясы, Алашорда үкіметі жөнінде баяндама жасалынды. Бұдан соң сөз алған уездік комиссар Теміров Түркістан автономиясына қосылуды жақтады. Бірақ жиналысқа қатысушылардың жастар бөлігі Алаш автономиясына қосылуды жақтады.