1917 ж. желтоқсан айында өткен бұл съездің негізгі мақсаты ІІ Жалпықазақ съезін және оның қаулыларын халыққа таныстыру болды. Съезд «Алаш туы» астында қазақ автономиясын құруға қаулы етті. Негізгі баяндаманы Ғ.Теміров жасады. Ол баяндамасында «Алашорданың» автономия болуына күмән келтіріп, Түркістан автономиясына қосылуды ұсынды. Оның бұл пікіріне жастар қарсы шығып, «Алашқа» қосылуды жақтады. Съезде елдің бірлігі көбірек сөз болып, Алаш болып бірігу мәселесі басымдық алды.