lat: ZÁR
(пар. зәһар زهر)
1. У, улы зат.
Қылышынан қан тамған, Найзасынан зәр тамған («Шынтасұлы Төрехан». Ақсауыт. ІІ том. 1977).
Арақтың зәрі қайтқансын, Қарғып тұрды орнынан («Алпамыс батыр». Ақсауыт. І-том. 1977).
2. Ашу, ыза, қаһар.
Құйрығын тауға сабаған, Айдаһар көрдім, зәр көрдім («Құбығұл». Бабалар сөзі. 52-том. 2008. 100 томдық).
3. Сәуле шашу, жарқырау.
4. Ауысп. Кіші дәрет.