с ы н е с і м. Аспанмен таласқан биік, заңғар. Жалғасқан з ә у л і м көкке аспанымыз, Білмейміз биіктеуден басқаны біз. Уақыт алыс емес Әр ашылған Жұлдызбен есептелер жастарымыз (Т.Айбергенов, Мен саған.). Кеңгірдің биігіндегі Дархан тұрғызған з ә у л і м күмбездің жанынан асығыс зымыраған пойыздар өтіп жатады (О.Бөкеев, Өз отың.). Атасы жақсы қандай-ды, Асқар бір з ә у л і м таудай-ды. Анасы жақсы қандай-ды, Арайлап атқан таңдайды (Базар жырау, Шығ.). Жетісу бойы жеті өзен, Құйылған з ә у л і м құздардан. Басынан көп күн өткізген, Тауында тарам із қалған (С.Мәуленов, Алыс кетістік).