з а т е с і м. а н а т о м и я л ы қ. <лат. urina> 1. Ағзадағы зат алмасудан пайда болған керексіз, қажетсіз сұйық зат, несеп. Емдеу кезінде қан мен з ә р он күнде бір рет зерттеліп тұрады (О.Бердібаев, Таз – тақиядан.). Апырау, кеше ол бақырғанда мұның жанындағы түйелердің бәрі аттапбаса алмай, зәрін жіберіп қойды-ау (Б.Қыдырбекұлы, Ұры.). Сондықтан қасапшы төсетекті аларда алдымен осы қамшыны сылып, төсетектен бөліп, жеке шығарып қоюы қажетістік Тағы ескертетін жай – оныкесіп тастауға болмайды. Егер байқамай кесіп тастасаңыз, сол кесілген жерден малдың з ә р і шығып, бүкіл сан етті былғайды (Қ.Салғарин, Қасапшылық). Қарақаптал ауруына ұшыраған айғырдың з ә р і бұзылып, қамшысының (қасасының) сырты қотыр болып, жия алмай қалады (Ш.Жанәбілов, Қаз. мал атау.). 2. У, өте зиянды з а т е с і м. Әлдекімнің қолы қастықпен ішкізген з ә р сияқты (М.Әуезов, Қараш.). Түн ішінде әкемнің үйінен хабар алдым. Бір ағайды з ә р і күшті жылан шағыпты, – деді әйелі (Мың бір түн). Қашып құтылғаннан гөрі, оның тілін суырып алу әлдеқайда артық, екінші қайтып саған да, өзгеге де з ә р і болмайды (Х.Есенжанов, Тар кезең). З ә р ұсынған кісіге нан ұсынған, Алысудан аулақпын, шабысудан. Ей, қазақтың баласы, есіңде ұста, Өлсем өлем, сірә, мен намысымнан! (М.Мақатаев, Шығ.). 3. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. У, ащы, заһар; мехнат, азап. Өткен күндердің мөлдір тамшылары жүрекке з ә р құйғандай ащы (X.Рахымов, Полк туы). Лиза бұл дүниеден не қызық, не рахат көрді. Өмірдің балынан гөрі з ә р і н көбірек жұтқан сияқты (Б.Тілегенов, Аққайнар). Баяғы ашқан балың ғой? Не жазып ем осынша? Қайда барсам өмірде Ұсынғаның з ә р і ң ғой! (М.Әуезов, Таңд. шығ.). Атлант сынды кәрі жын, Жұлады шашын долдана, Жауыздықтың з ә р уын Жаудырып жатыр Конгоға (М.Мақатаев, Шығ.). 4. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Ашу, ыза, кек. Сырт көзге сондай момақан, жан адамға зәбірсіз көрінгенмен, жүрегіне з ә р жиып, жұмыла түскен қабақтың астынан үй ішін бағып отыр (Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер). Осыны айтып Ерекең сазарып отырып қалды. Ішінде бір з ә р, зіл жатқанын бәріміз де аңғардық (Ғ.Сланов, Домбыра.). Тілімнің уы да, балы да осы. Артында зілі мен з ә р і жоқ (С.Бақбергенов, Адам.). 5. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Қаһар, айбат, айбын. Дәуренбек қана отрядын айқас алаңынан шегін деп, бір ақырып қалып, артынан батырдың з ә р і н е н қорқып, қайта тоқтатты (М.Жұмағұлов, Қыран.). Жау састы ерлер з ә р і н е н, Берілмеді Москвам. Қорғап қалды жанымен, Жиырма сегіз жас қыран (Қ.Ыдырысов, Аршында.). Атарға оғы жоқ. Жанарында жеп жіберерлік з ә р бар (С.Жүнісов, Ақан сері). Өмірім суық бәріңе, Шыдамассың з ә р і н е, Жазбаған жөн, әрине, Сорлы шалдың кімдігін (Ш.Құдайбердиев,Шығ.). 6. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Суық, аяз, ызғар. Қыстың ең з ә р і сонда – отамалыда (М.Әуезов, Таңд. шығ.). Жайық бойынан күзгі салқын з ә р білініп тұр (Ғ.Сланов, Дөң асқан). Қыстың қары, аяздың зәрі батқан, Қар мен мұзға көміліп біраз жатқан. Жер жаңарып, жан бітіп табиғатқа, Бәйшешегі бұраңдап жайнаң қаққан (Үш ғасыр.). 7. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Опық, өкініш. Ойлай берсем қайғы емес оның бәрі, Көп жасаған қоя ма болмай кәрі. Өкініш сол – өмірді босқа өткіздім, Өлсем ойдан кетер ме соның з ә р і (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). 8. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Ауыртпалық, зіл. Бәрі болды, бауырым, Бәрі болды, Нәрі болды кей сынның, З ә р і болды. Зәрлі сөзден улансам, Кейбіреудің Айтқан жылы лебізі дәрі болды (Қ.Мырзалиев, Мәңгі ìайдан).