з а т е с і м. з о о л о г и я л ы қ. <лат. bison bonasus> Сүтқоректілер класы қуыс мүйізділер тұқымдасына жататын жануар. З у б р – ірі жануар. Дене тұрқы 3,5 м, биіктігі 2 мдей (шоқтығынан алғанда), салмағы 1 т-дай. Жүні қалың, қоңыр түсті (ҚҰЭ). З у б р л а р жойылып кету қаупі бар жануарлар тобына жататындықтан, Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген (ҚҰЭ). Онда қазір з у б р мен сиырды будандастырудан алынған бұзау өсірілуде (Ж.Әбиев, Биология.). Еменді ормандарымыздың көпшілігінде ірі шөпқоректі тұяқтылардың з у б р, бұғы, құлан, еліктер тобы жойылып кетуі жалпы экологиялық жүйеге онша әсер еткен жоқ (Жалпы биология).