lat: ZİMPARA
ағаш, метал беттерінің бүдірін тегістеп, тазалауға арналған жабдық. Зімпара зергерлік ісінде кеңінен қолданылған. Зергерлер зергерлік бұйымдар мен қиылған металл қырларын алдымен егеумен егеп, жұмырлап алғаннан кейін, зімпарамен ысқылап, тегістеген.