мәдениетті тарату және дамыту жолында кәсіби деңгейде ой еңбегімен, басым көпшілігінде күрделі шығармашылықпен айналысатын адамдардың қоғамдық бөлігі. Ұғым XIX ғ. Ресейде пайда болды және біртіндеп басқа да елдерге таралды. Орыс дәстүрінде бұл ұғыммен тек ой еңбегімен айналысатындарды ғана атамай, тұлғаның жоғары өнегелі көзқарасын да байланыстырады. Қазіргі кезде ғаламдық мазмұндағы интеллектуалдық технологиялардың кеңінен таралуы салдарынан дәстүрлі зиялы қауым мен басқа да еңбеккерлердің арасындағы кәсіби алшақтық азайып барады.