Зиянды

lat: Zıandy

с ы н е с і м. 1. Пайдасыз, залалды. Қоректенбеген күнде де сыртына шыққан майдың қыран бабына з и я н д ы екені анық. Қазақ құсбегілері мұндай құсты сахарға шомылдырады (сахар өсімдіктерден алынған сабын содасы). Сонда оның жүніндегі майы ғана емес, тері сыртындағы майы да кетеді. Сонан соң қыран бабы оңай оралады (Ж.Бабалықұлы, Қырандар). Кім жас, кім қарт, Уақыт өзі іріктер, Ер көбейсін ат қып мінер қиялды. Қарттық оттың азаюы, Оты азайған жігіттер, Қай кезде де қоғам үшін з и я н д ы (М.Шаханов, Ғасырлар.). Егінге з и я н д ы н ы ң үлкенішісін талғамаймын, деп Шығанақ та күліп қойды (Ғ.Мұстафин, Шығанақ). Күрішке ең з и я н д ы с ы қамыс (Ы.Жақаев, Менің бақытым). 2. Кесірлі, кесапатты. Біз осы зиянды адамдарды неге тұтқынға алмаймыз (X.Есенжанов, Тар кезең). Сәкенді Тоғжанов сол кездегі қазақ әдебиетінің ең з и я н д ы адамы ғып көрсетуге тырысты (С.Мұқанов, Есею жыл.).