Зиянкес болушылық, әшпенді болушылық, көре алмаушылық. Көп мезгілден бері Кеңес өкіметіне істеп жүрген зиянкестік қылмысы ашылып, Қаражан ұсталған болатын (I. Есенберлин). Амангелді Әбдіғапардың бұл қаскүнемдігіне қатты ренжіп, оны ұстап, қамауға алуға бұйрық берді (3. Мүхамеджанов). Өгей шешенің қыз балаға сор туғызатын қастығын орыс халқының қиял ертегілері де көп әңгімелейді (М. Әуезов). Шөпіштің өз тарапынан тікелей жасалып тұрған қастандық болса, заң жүзімен де сөйлесе алатындықтарын ортаға салысқан-ды (К. Оразалин). Күншілдік жүрген жерде бірде көрініп, бірде көрінбей жүретін оның мәңгі серігі - жауыздық (С. Жүнісов). Ол Тәттімбеттің Құнанбаймен өштігін білетін жанша сөйлеп өтті (А. Сагаев).